Қызылордада аптап ыстық жұртты әбігерге салып жатыр
399
Қызылордада аптап ыстық алқымнан алып тұр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өңірімізде бір айға созылған аптап ыстық ойландырып тастады. Бәзбіреулер әлеуметтік желіге ауа температурасының алпыс градусқа жеткендігін жазып жатыр. Оның анық-қанығын білмедік, бірақ, ресми орындардың 39-44,2 С деп көрсетуі, сақтық шарасын ескертуі тегін емес. Оның үстіне, үш-төрт жыл бұрын Қызылорда облысында рекордтық көрсеткіш тіркеліп, күн қызуы 70 градусқа жеткен-ді. Ендеше, ең ыстық жаз қалай қалыптасып отыр? Жер бетіндегі климат неліктен күрт өзгерді?
Жалпы, адамзат пайда болғалы оның табиғатпен тайталасы да басталды. Соңғы жылдар бойы қалыптасқан қалыпты күйіне адам қолымен жасалып жатқан қастандық жеткілікті.
Жер түгілі, ғарышқа қадам басқан кезде өзіміздің тіршілігімізді де таразыға тартқанымызды түйсіндік пе? Жұтар ауамыздың жұпар иісін сақтаудың орнына әбден ластағанымызды байқамаған да сыңайлымыз. Кейбір деректерге қарағанда, жаһандық жылыну өткен ғасырдың басында басталып, 1940 жылға дейін созылған. Алайда, ауа райына адамнан артық ешкім қатты әсер етпейді. Әсіресе, атмосфераға көмірқышқыл газының көптеп тарауы – нағыз дабыл қағарлық құбылыс. Кәсіпорындарда көмір мен мұнай өнімдерінің жағылуы, жылу-электр стансалары қуатының артуы, автокөліктер санының өсуі, жер қойнауына саналы шабуылдың үдеуі жаһандық жылынуды жеделдетіп отыр емес пе?
Бұл, бір қарағанда, түймедей нәрсе делінгенімен, ар жағында түйедей салмағы бар. Нағыз алапат апаттың алды. Мәселен ғалымдардың айтуынша, ғарыш айлағынан түрлі ракеталардың жиі ұшуы аспан қабатының зақымдануынан, басқа өңірлерге қарағанда Қызылордада қатты күннің ысуы орын алуда дейді.
Жалпы, кейбір мәліметтерге қарағанда, республикада ең ыстық жаз 1983 жылы болыпты.
Адамдар күйіп кетпей қалай шыдады екен? Жалпы, соңғы кезде Қазақстанда да жылыну үрдісі бар. Арал теңізінің құрғауы салдарынан аспанға көп көлемде ащы тұз ұшты. Аспан айналып жерге түскендей болмаса, бірақ, орташа температура 45 градусқа көтеріледі. Кей күндері көк жүзін ала бұлт торлап, аз ғана жаңбыр жауды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандарының айтуынша
Ең қызығы діни наным- сенімге бет бұрып қарасақ күннің ыстығы нені білдіреді екен? Күннің ыстықтығы жаханнамның бар екенін білдіреді деп сендіреді имамдар. Осы орайда, ұстаз Ерлан Ақтаев:
«Тозақ тыныстаған кезде, ыстықтығы күнге жетіп, сол ыстықтық күннен бізге жетеді екен.»,- дейді.
Аптап ыстық жүрек-қан тамыры ауруына шалдыққандар үшін қиынға соғып тұр. Құйқаны қуырардай ыстық күнде қала тұрғындары үйде жан сақтап отыр. Дегенмен күйбең тірліктің соңында жүргендер күн көзінен қолшатыр ұстап қорғануға мәжбүр. Алайда күншуақ түгілі көлеңкенің өзінде байыз тауып тұру мүмкін емес. Тұрғындар су арналары мен субұрқақтар маңында ғана сәл де болса саялап, салқындап алуда. Бетке үрлеген ыстық лептен қашқандар өзен-көлдің жағасына барып байыз табуда. Дегенмен қан қысымы мен жүрегі нашар адамдар үшін бұл күндерді өткеру тіпті қиынға соғып отыр.
Алайда, синоптиктердің берген ақпаратында алдағы күндері күннің қатты ысуы орын алмақ. Мұндай күндері қуырылған, ыстық тамақтан, ішімдіктен, қою шай мен кофеден, газдалған сусындардан бас тарта тұрған дұрыс. Мамандардың кеңесіне сүйенсек, бөлмені жиі желдетіп, терезелерді қараңғылап қоюға кеңес береді.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Қызылорда бойынша қатты ыстық 23-25 маусым аралығында +41+44°С болды, максималды ауа температурасы 25 маусым күні күндіз +44,2°С тіркелді. Бұл құбылыс облыс бойынша жоғары қасым алқабындағы жазғы термикалық депрессия және фронттың жылы секторы ықпалы әсерінен байқалды.
Шілде айының болжамы бойынша, бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде +20+25°С-тан +25+30°С-қа дейін, облыстың солтүстік-шығысында +17°С-тан +20°С-қа дейін, күндіз +36+41°С-тан +41+46°С-қа дейін жоғарылауы болжанады. Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде +14+19°С, облыстың шығысында +11°С-қа дейін, күндіз +26+31°С, оңтүстікте +35°С-қа дейін ары қарай төмендеуі болжануда. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде +16+21°С-тан +21+26°С-қа дейін, күндіз +32+37°С-тан +37+42°С-қа дейін ауытқуы күтілуде.»,- дейді инженер синоптик Маханбет Маратов.