«Бір сағат ілініп тұрды»: Электрик бағана үстінде тоққа түсіп, көз жұмды
Алматыда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан электрик бағана үстінде тоққа түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Медеу ауданының Горводопровод көшесінде болды.
Тұрғындар бұл маңда жарықтың жиі өшетінін айтады. Бұл жолы да электрикті тұрғындардың өзі шақырыпты. Олар «маманның көз жұмуына қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп» деп отыр. «Бұдан бөлек қолайсыз ауа райы да әсер еткен болуы керек» дейді.
Бұл желілер Алматы қаласының коммуналдық меншігінде көрінеді. Оларға осы уақытқа дейін «EC Energy Qazaqstan» компаниясы қызмет көрсетіп келген. Аталған жекеменшік компания тұрғын үйді электрмен жабдықтауға рұқсатсыз қоспақ болған. «Тиісті жұмыстар өз бастамалары бойынша жүргізілді»,- дейді әкімдік өкілдері.