Мәжіліс жол апатынан зардап шеккендерге берілетін сақтандыру төлемін арттыруды ұсынды
Мәжілісте Қазақстанда жол апатынан зардап шеккендерге берілетін сақтандыру төлемін көбейту туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Биыл көлікке келген зақым үшін төлемнің ең жоғарғы сомасы 2 миллион 359 мың теңге болса, құжат мақұлданған жағдайда бұл сома екі есе артады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутаттар көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Құжатқа сай апаттан жарақат алғандарға 1 миллион 179 мың теңгеге дейін, мүгедектік алғандарға 4-13 миллион теңгеге дейін өтемақы төленуі мүмкін. Сондай-ақ кәмелетке толмаған балалар жарақат алса – 8 миллион, адам қаза тапқан жағдайда 16 миллион теңге берілмек. Бірақ сақтандыру компаниялары бұл ұсыныспен келіспейді.
Жаңа бастамаға қатысты қоғам пікірі де екіге бөлінді.
Ал көлікке келген залал үшін өтемақыны 4 миллион теңге 718 мың теңгеге дейін өсіру жоспарланған. Бірақ бұл нақты шешім емес. Құжат мәжіліс мінберінде әлі де талқыланбақ.
Тағы да оқыңыздар
