Оқушы мектеп терезесінен секіріп кеткен

1 600

Фото: ktk.kzАстанада №72 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы мектептің 4-қабатындағы терезеден секіріп кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомство мәліметінше, оқиға орнына дереу жедел жәрдем шақырылған. Қазіргі уақытты бала ауруханада жатыр.


"Жәбірленушінің миы шайқалған, кеуде қуысы мен іші жарақаттанған, оң жақ білек және оң жақ мықын сүйектері сынған. Жалпы жағдайы ауыр (алынған жарақаттарға байланысты), тұрақты. Оның жағдайы дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады ведомство.


Қазіргі уақытта тиісті органдар оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.