Түйреуіш жұтып қойған алты айлық нәресте көз жұмды

704

Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға 9 қараша күні болған. Биыл мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған.

Сәби сағат 23.10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.