Анасын ұрып, байлап тастаған

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАлматыда ұлының қолынан зәбір көрген ананың жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға куәгері Елдар Семейғазыновтың айтуынша, ер адам анасын «отбасыма араласасың» деген себеппен ұрып-соғып, қолы мен аузын байлап тастаған.

Әйел үйден жалаңаяқ қашып шығып, көшеде біраз уақыт бойы көмек күткен. Алайда куәгердің сөзінше, өтіп бара жатқан адамдар оған бірден назар аудармаған.

Оқиғаны байқап қалған Елдар әйелге көмектесіп, байлауын шешіп, полиция шақырған.

Жарияланым авторы анаға жасалған зорлықты сынап, қоғамды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырды.

Оқиғаның мән-жайы мен полиция тарапынан берілген ресми ақпарат әзірге белгісіз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.