Анасын ұрып, байлап тастаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Алматыда ұлының қолынан зәбір көрген ананың жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға куәгері Елдар Семейғазыновтың айтуынша, ер адам анасын «отбасыма араласасың» деген себеппен ұрып-соғып, қолы мен аузын байлап тастаған.
Әйел үйден жалаңаяқ қашып шығып, көшеде біраз уақыт бойы көмек күткен. Алайда куәгердің сөзінше, өтіп бара жатқан адамдар оған бірден назар аудармаған.
Оқиғаны байқап қалған Елдар әйелге көмектесіп, байлауын шешіп, полиция шақырған.
Жарияланым авторы анаға жасалған зорлықты сынап, қоғамды мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырды.
Оқиғаның мән-жайы мен полиция тарапынан берілген ресми ақпарат әзірге белгісіз.
Қаз
Рус






