Орындыққа байлап, тәпішкемен ұрған: балабақшадағы қатыгездікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скринАстанада әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарағаннан кейін кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде,  - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, бұл бейнежазба 2025 жылдың қазан айында түзету балабақшасында түсірілген.

«Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаның 2025 жылғы қазан айында түсірілгені анықталды. Полиция қызметкерлері түзету бағытындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелдің жеке басын анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың ата-аналары анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ сауалына берген жауабында.

Полицияда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.