Салық берешегі бар компаниялардың басшысын ауыстыруға шектеу қойылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда салық берешегін төрт ай ішінде өтемеген компаниялардың басшысын ауыстыруға шектеу қойылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаменті Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын мәлім етті.
Оның айтуынша, 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілген норма берешегі 45 айлық есептік көрсеткішке (194 625 теңге) тең немесе одан асатын заңды тұлғаларға қатысты.
— Кейбір компанияның берешегін өтеуден жалтару үшін басшысын ауыстырып, кәсіпорынды өзге адамның атына рәсімдеуі мүмкін. Өйткені олар бұдан шығатын жол іздейді ғой. Жаңа норма осындай әрекеттерге жол бермеу үшін енгізілген. Қазір ақпараттық жүйені ретке келтіру жұмысы аяқталуға жақын. Келесі аптадан бастап салық төлеушілер тіркеу деректерін өзгертуге өтініш берген жағдайда, берешегі болса, әділет органдары оны кері қайтарады, — деді комитет өкілі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда салық берешегін уақытында өтемеген 300-ден астам жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысына шетелге шығуға тыйым салынған еді.
Қаз
Рус






