Назарбаев бұрынғы қаржы министрінің қазасына байланысты көңіл айтты

317

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР-ның бұрынғы қаржы министрі Александр Бацуланың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қазақ КСР-ның бұрынғы қаржы министрі Александр Бацуланың өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

"Ол есепшіден Қазақ КСР-ның қаржы министріне дейінгі еңбек жолында жемісті қызмет атқарып, осы саланың дамуына сүбелі үлес қосты. 

Мен оны республиканың Министрлер Кеңесінде бірге жұмыс істеген кезімізден жақсы білуші едім. Александр Ефимович жоғары кәсіби біліктілігімен, берік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. 

Фото: Ақорда прессАлександр Бацуланың жарқын бейнесі оны білетін адамдардың жүрегінде әрдайым сақталады", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстанның қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Бацула Александр Ефимовичтің Алматы қаласында 96 жасқа қараған шағында өмірден өткенін хабарлаған еді. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.