2027 жылы қандай теңге банкноттары қолданыстан шығады

2 500

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: nationalbank.kzҚазақстанда ескі үлгідегі бірнеше теңге банкнотының айналымда жүру мерзімі аяқталуға жақын,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

2027 жылы 500, 1 000 және 10 000 теңгелік купюралардың бұрынғы үлгілері дүкендерде төлем жасауға жарамсыз болады. Ал 20 000 теңгелік ескі банкноттарды ауыстыру жаңа купюра шыққаннан кейін басталады.

Қандай банкноттар айналымнан шығарылады?

Ұлттық банктің мәліметінше, 2027 жылы үш номиналдағы ескі банкноттың параллель айналым мерзімі аяқталады. Олардың әрқайсысы үшін соңғы төлем жасау күні белгіленген.

1 000 теңге, 2014 жылғы үлгі – 2027 жылғы 27 наурызға дейін қабылданады. 28 наурыздан бастап бұл банкнотпен төлем жасауға болмайды. Оның орнына 2024 жылғы жаңа үлгі қолданылады.

10 000 теңге, 2012 жылғы үлгі – 2027 жылғы 27 маусымға дейін айналымда болады. 28 маусымнан бастап ескі купюра төлем құралы ретінде қабылданбайды.

500 теңге, 2017 жылғы үлгі – 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін жарамды. 25 желтоқсаннан бастап оның орнына 2025 жылғы жаңа банкнот қолданылады.

Осы мерзімдер аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі купюралар заңды төлем құралы мәртебесінен айырылады.

Ұлттық банк 20 000 теңгелік жаңа банкнотты 2027 жылы айналымға шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа купюра шыққаннан кейін 2013/2015 жылғы ескі үлгідегі банкноттарды ауыстыру басталады.

Олар жаңа банкнотпен кемінде бір жыл қатар айналымда болады. Осы кезеңде қазақстандықтар екі үлгідегі купюрамен де төлем жасай алады.

Ескі ақшаны қайда және қашан айырбастауға болады?

Ескі банкноттардың төлем құралы ретінде қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін де оларды бірден жоғалтып алу қаупі жоқ. Ұлттық банк бекіткен тәртіп бойынша, ескі купюраларды екінші деңгейлі банктер мен “Қазпошта” бөлімшелерінде тағы үш жыл бойы жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастауға болады.

Ал Ұлттық банктің аумақтық филиалдары ескі банкноттарды мерзімсіз қабылдайды.

Мысалы, 1 000 теңгенің 2014 жылғы үлгісін 2027 жылғы 28 наурыздан 2030 жылғы 27 наурызға дейін, ал 10 000 теңгенің 2012 жылғы үлгісін 2027 жылғы 28 маусымнан 2030 жылғы 27 маусымға дейін айырбастауға болады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.