Илон Маск миллиардерлерге қарапайым адамдардың қарызын өтеуге мүмкіндік беретін қосымша жасамақ
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Илон Маск миллиардерлерге қарапайым адамдардың қарызын өтеуге мүмкіндік беретін ерекше қосымша әзірлеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кәсіпкер X әлеуметтік желісінде пайдаланушылар өздерінің төленбеген шоттарын жариялай алатын, ал миллиардерлер оларды қарап шығып, қалағанының ақысын төлей алатын қосымша жасау идеясымен бөлісті.
Жүйе танысу қосымшаларына ұқсайды: адамдар біреудің анкетасын емес, қарыздары мен төленбеген шоттарын қарайды. Ұнағанын таңдап, төлем жасауға болады.
Бұл бастама кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта X платформасында пайдаланушылар арасында ақша аударуға мүмкіндік беретін X Money қаржы сервисі де дамып жатыр.
Қаз
Рус






