Илон Маск миллиардерлерге қарапайым адамдардың қарызын өтеуге мүмкіндік беретін қосымша жасамақ

1 500

Фото: AdyrnaИлон Маск миллиардерлерге қарапайым адамдардың қарызын өтеуге мүмкіндік беретін ерекше қосымша әзірлеуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Кәсіпкер X әлеуметтік желісінде пайдаланушылар өздерінің төленбеген шоттарын жариялай алатын, ал миллиардерлер оларды қарап шығып, қалағанының ақысын төлей алатын қосымша жасау идеясымен бөлісті.

Жүйе танысу қосымшаларына ұқсайды: адамдар біреудің анкетасын емес, қарыздары мен төленбеген шоттарын қарайды. Ұнағанын таңдап, төлем жасауға болады.

Бұл бастама кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта X платформасында пайдаланушылар арасында ақша аударуға мүмкіндік беретін X Money қаржы сервисі де дамып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.