Нұра ауданында 87 млн теңгеге «салынған» хоккей кортының сиқы сын көтермей тұр
288
Әділдік жолы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Қарағанды облысы Нұра ауданындағы мәселеге Антикордың назар аударуы керектігін жария етті. Ауданда 105 млн теңгеге салынуы тиіс хоккей кортының сиқы сын көтермей тұр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның хабарлауынша, заңның бұзылғанына қарамастан әкімдік нысанды салуға міндеттелген компанияны сотқа бермек түгілі қосымша келісім барын алға тартып (онда аяқталатын мерзімі көрсетілмеген) оны қорғаштап отыр екен.
«2022 жылдың 5 қаңтарында Қарағанды облысының Нұра ауданында жергілікті дарынды балаларды қолдау үшін хоккей корты ашылуы керек еді. Ол үшін 105 000 000 теңге бөлу жоспарланып, оның 87 000 000 теңгесі 2021 жылы төленіп қойған. 2022 жылдың 25 сәуірінде біз аталмыш орынды барып көріп, жағамызды ұстадық – фотода ештеңе салынбағаны көрініп тұр», - деп жазады Дидар Смағұлов.
Оның хабарлауынша, заңның бұзылғанына қарамастан әкімдік нысанды салуға міндеттелген компанияны сотқа бермек түгілі қосымша келісім барын алға тартып (онда аяқталатын мерзімі көрсетілмеген) оны қорғаштап отыр екен.
«Дәл сол күні біз Антикорға тиісті өтінімді жолдадық. Қылмыстық істің қозғалуын күтіп отырмыз. Басқаша болмайды. Біз жемқорлық деген қабырға құлап түскеше ұра береміз», - дейді ол.