Қала әкімі кәсіпкерлермен кездесті

165
Қала әкімінің бастамасымен әр ай сайын «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратының ашық алаңында кәсіпкерлерді салалық мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін қала әкімі Асылбек Шаменовтың қабылдауына келген кәсіпті жаңадан бастаушы азаматтар бизнес жоспар әзірлеу, мемлекеттік грант алуға үміткер болу сынды сұрақтарымен жүгінсе, кәсібін кеңейтуді мақсат еткендер қосымша қолдаулар, жер телімі, ғимаратты жалға алу, әкімшілік кедергілерді жою жайын талқылады.

Кәсіпкерлердің талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы қаланың дамуына жол ашатын тың, жаңа жобаларды бірлесе жүзеге асыруға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Жалпы, қала көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлік негіздерін түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның нәтижесінде қазіргі таңда «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 3,9 млрд.теңгені құрайтын 93 жоба қолдау тапса, қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша құны 11 млн.теңгені құрайтын 9 кәсіпкердің жобасы мемлекеттік грантқа ие болды.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.