Қызылордада алаяқ әйел тұрғынның 300 мың теңгесін иемденіп алған

325

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылордада алаяқ әйел тұрғынның 300 мың теңгесін қалтасына басқан – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қызылорда қаласы Полиция басқармасына облыс тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған. Күдікті тамыз айында жәбірленушінің сеніміне кіріп, несие тарихын жақсартып, несие алып беремін деп 300 мың теңге ақшасын алдап алған. Ақшаны алғаннан кейін ақшаны да қайтармаған, уәдесінде де орындамаған. 

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай жәбірленушіден алған ақшаны өз пайдасына жұмсап жіберген. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.