Атыраулық вахтер жұмыстан қуған басшысынан 1,3 млн теңге өндіріп алды

221

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел жұмыс берушіден сот арқылы 1,3 млн теңге өндіріп алды. Сонымен қатар, ол қызметіне қайта оралатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com


Атыраулық Нұргүл Жанбөлсінованы жұмыстан өткен жылдың 18 маусымында шығарған. Ол "Атамекен басқарушы компаниясы" ЖШС-да вахтер болып жұмыс істеген еді. Басшылықпен келіспеген әйел шешімді жоққа шығарып, жұмысына қайта оралу үшін сотқа жүгінді. Сондай-ақ, ол жұмыс берушіден мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақыты үшін жалақы және моральдық өтемақы төлеуді талап етті.  

Судья Жасур Момынжанов істі вахтердің пайдасына шешті. Вахтерді жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылды. Әйел қызметіне қайта орала алады. Ал жұмыс беруші оның жұмыссыз жүрген уақыты үшін 1,3 миллион теңге және моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуге міндеттелді. Арыз беруші өтемақы ретінде 450 мың теңге сұраған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.