Бүгін атышулы Арт - спорт бойынша сот үкімі шықты.

2 732

Коллаж UlysmediaБүгін атышулы Арт - спорт бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот үкімімен сотталушы Л. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2)-тармағымен және 218 бабы 1-бөлігімен  кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58 бабы 3-бөлігінің талабымен, түпкілікті коммерциялық ұйымдарда материалдық жауаптылықты және басшылық лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан  10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚК-нің 53 бабына сәйкес жазасын жеңілдететін мән-жайларына оның  жас балаларының болуы жатқызылды.

Сот үкімімен сотталушы П. ҚР ҚК-нің 28 бабы 5-бөлігі, 190 бабы 4-бөлігіның 2)-тармағымен  кінәлі деп танылып,коммерциялық ұйымдарда материалдық жауаптылықты және басшылық лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан  10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63 бабына сәйкес, тағайындалған жаза шартты деп саналып,  тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді. ҚК-нің 53 бабына сәйкес жазасын жеңілдететін мән-жайларына оның  жас балаларының болуы, шын ниетпен өкінуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да сыбайлас қатысушыларын әшкерелеуге және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлікті іздестіруге белсенді түрде ықпал етуі  жатқызылды.

Үкім заңды күшіне енбеген

Сотталушылар жәбірленушілерден 88 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденгені анықталды.