Екі ер адам лото автоматын бұзып, ақшасын алып кеткен

1 522

Кәсіпкер келтірілген материалдық шығынды 336 мың теңгеге бағалаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы облысының екі тұрғыны ойын автоматын бұзып ақша таппақ болған. Бұрын сотталған 35 және 31 жастағы екі ер адам Медеу ауданындағы бутикке кіріп, аппаратты бұзып, сол жерден 140 мың теңге ұрлап кеткен. Кәсіпкер келтірілген материалдық шығынды 336 мың теңгеге бағалаған.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар ұрлық жасағандарын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталғандардың жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Айта кетейік, екі жігіт те бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған болатын. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді, Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.