Мекеме қызметкерлері жылу қазандықтарын жөндеуге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған

226
«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттің 101 миллион теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Жымқырылған қаржы жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген.

Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алып, кейін АҚШ долларына ауыстырған. Осылайша, 76 миллион теңгесін Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.

Соттың шешімімен осы іске қатысы бар адамдардың барлығы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық өтелді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.