Қос бүйрегі істен шыққан журналист көпшіліктен көмек сұрайды
Әсел Жақыпбек – бір кездері көпке қол ұшын созып, ел аузында жүрген "Айтуға оңай" бағдарламасының редакторы. Қазір өзі де көмекке мұқтаж. Әселдің қос бүйрегі 2 жыл бұрын істен шыққан. Алайда ел ішінде донор табылмағандықтан, көптен көмек сұрауға мәжбүр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Әселдің айтуынша, дерт анықталғанда жүкті болған екен. Іштегі 5 айлық аман баланы алдыруға мәжбүр болған. Бұғанасы қатпаған балаларым үшін жүрегім ауырады, деген ана 1 аптаның ішінде керек соманы жинап, ота жасатуы тиіс.
Әселдің диагнозы – созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Аурумен алысқанына биыл екінші жыл. Ал ағза тазаланбаған соң, диализ алған соң жағдай қиын, уақыт аз.
Kaspi bank: 4400 4302 6899 2010; Әсел Ж.
Байланыс телефоны: 7 707 597 62 27