Қызылордада  54 сотталған кешкі мектептен білім алады

1 116

ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60,№37 мекемесінде сотталғандарға жалпы орта білім беру үшін кешкі мектеп жұмыс жасайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгінгі таңда екі мекемеде жалпы орта білімі жоқ, 30 жасқа толмаған 54 сотталған бар. Білім күніне орай, 54  жазасын өтеуші партаға отырды. Олардың бірі 8-сыныпқа, бірі 9-сыныпқа , енді бірі 11-сыныпта оқитын болады.

 

Бұл сотталғандарға бекітілген кестеге сәйкес, Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Қызылорда қаласының жалпы білім беретін кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдері сабақ береді. Бүгін кешкі мектепке қабылданған сотталғандарға мектеп мұғалімдері «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Пән мұғалімдері сабақ кестесімен таныстырып, білімді болу үшін сабақты жақсы оқу керектігін жеткізді.


"Менің жасым 27 жаста. Менің құрдастарым 10 жыл бұрын мектеп бітірген. Балалық па, әлде бұзықтығым ба мектепте 8 сыныптан соң оқымай тастап кеттім. Әріп танып, санды қосып-алуды білсем болды деп келгендіктен бе, көшенің өмірі қызығырақ көрінетін. Сол қызығушылығым өзіме кесір болып келетінін білмеппін. Енді өкінгеннен өзгерер ештеңе жоқ. Мекемеде әр күнімді төрт қабырғаға қараумен өткізбей, білім алуға шешім қабылдадым. 9 сыныпқа қабылданып жатырмын. Бостандыққа шыққан соң жоғары оқу орнынан тапсыру үшін орта білімің туралы құжатың керек екендігін білдім. Бостандыққа шыққаннан кейін кешкі мектепте алған білімімді әрі қарай жалғастыртын боламын", — дейді жазасын өтеуші.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.