Түркістанда әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірген ер адамды сот 17 жылға соттады

352

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 16 тамыз күні әйелін үйінде балаларының көзінше ұрып өлтірген Абибулла Мамешовті кінәлі деп танып, 17 жылға соттады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Фото: polisia.kz

Қайығылы оқиға 29 сәуір күні Түркістан облысы Ордабасы ауданы Ынталы ауылында болған еді. Іске дәлел ретінде тіркелген айғақ заттардың ішінде қанға боялған жас балалардың киімі бар. Бұл оқиға бойынша іс құжаттары сотқа 8 тамызда түскен.

Судья Қасым Қалмағамбетов 43 жастағы Мамешов жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеде өтейді деп шешті. Сот жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелет жасқа толмаған үш баласы мен зейнет жасындағы әке-шешесі бар екенін ескерген.

Тергеу тарапы Мамешовтің қылмысты ішімдік ішіп, есірткі қолданып жасағаны айтты. Ал прокуратура судьядан оны 25 жылға соттауды сұраған.Сотта айыпталуыш айыбын ішінара мойындағанымен, үкіммен келіспеді.

Үкім әлі күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.