Түркістан облысында бір топ адам 16 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікке ілінді
1 610
Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды бірнеше адам зорлап, аяусыз өлтіріп кетті деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қыздың мәйіті 6 маусым күні таңертең табылған. НеМолчи қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәліметінше, күдіктілер еңбек мигранттары болуы мүмкін.
"Әзірге 16 жастағы қыздың отбасылық дүкенде жұмыс істегені белгілі. Ол үйіне қайтып бара жатқанда бір топ еңбек мигранттары ұстап әкетіп, зорлаған", – деп жазды қор.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында қыздың мәйіті табылдыү Ол колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында", – делінген хабарламада.
Полиция тергеу мүддесіне сай өзге ақпараттар жария етілмейтінін мәлімдеді.