Қызылорда облысында манты тағамының ішінен флешка табылды

736
Қызылорда облысындағы №68 мекемесіндегі тергеу изоляторына әкелген манты тағамының ішінен флешка табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




17.09.2022 жылы жергілікті уақытпен сағат 12 : 30 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 68 мекемесінде ( тергеу изоляторы) сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтіп кетпеуінің алдын кесіп, құқық бұзушылыққа жол бермеді. 
 
 Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ  болған   бұл  азаматша, мекеме қамауында  отырған, ҚР ҚК- нің 297 бабы 3 бөлігі 1,3 тармағымен айыпталушы  1980 ж туылған азаматқа  сәлемдеме  әкелген әйелі болып шықты. 

Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем- сауқаттарды жіті қадағалау барысында, манты ыстық тағамының ішінен фольгаға оралған  1 дана сұр түс флешканы жасырып қойғанын анықтады.
 
Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБ- 481- бабының 1- бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.