Кісі өлтіргені үшін сотталған адам балабақшада жұмыс істеген

1 588

Фото: vezha.uaПавлодар облысының прокуратурасы Железин ауданының балабақшалары мен мектептерінде ауыр қылмыстары үшін сотталған адамдар жұмыс істегенін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Железин ауданында жүргізілген прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткенін анықталды.


Мысалы, балабақшалардың бірінде кісі өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.


“Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.

Железин аудандық прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылып, басшылары тәртіптік жазаға тартылды”, – деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 


Жалпы 500-ден астам кәмелетке толмаған азаматтың құқығы қорғалған.