Балабақшалардың бірінде бүрге қаптады

1 229

Фото: pixabay.comАқмола облысы Щучинск қаласындағы мемлекеттік балабақшада бүрге қаптады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ата-аналар қансорғыш жәндік балаларды шағып инфекция таралып жатқанын айтып, наразылық білдірді.

Ата-аналардың сөзінше, бүрге 2-3 жасар балаларға арналған топтың ішінен анықталған. Алайда балбақша әкімшілігі әлі күнге дейін залалсыздандыру жұмыстарын жасамаған.

Ал білім басқармасының өкілдері 200-дей ұл-қыз тәрбиеленетін балабақшада тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тиісті шара қолданатынын айтты.

«Осы оқиға бойынша арнайы мекеменің қызметкерлері балабақшаға дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге келді. Сондықтан балабақшаны үш күнге жаптық. Балалардың денсаулығына ешқандай зиян келген жоқ. Ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргіздік», – дейді Ақмола облыстық білім басқармасының бас маманы Андрей Майбах.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.