33 жастағы әйел арзан бағада тұрмыстық техника сатамын деп 124 млн теңгені жымқырған

1 570

Фото: yandex.ruОрал тұрғындары арзан тұрмыстық техника аламыз деп тақырға отырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


1991 жылғы жергілікті тұрғын арзан бағада техника алатындармен байланысып, ақшаларын алдын ала алып отырған. Жалпы сомасы 123 994 370 теңге шығын келтірген.


"Сот ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес Орал қаласы прокурорының бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қанағаттандырды", – дейді қаланың мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі. 

Әйел адам екі айға қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.