Балабақшалардың бірінде бүрге қаптады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақмола облысы Щучинск қаласындағы мемлекеттік балабақшада бүрге қаптады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ата-аналар қансорғыш жәндік балаларды шағып инфекция таралып жатқанын айтып, наразылық білдірді.
Ата-аналардың сөзінше, бүрге 2-3 жасар балаларға арналған топтың ішінен анықталған. Алайда балбақша әкімшілігі әлі күнге дейін залалсыздандыру жұмыстарын жасамаған.
Ал білім басқармасының өкілдері 200-дей ұл-қыз тәрбиеленетін балабақшада тексеріс жұмыстарын жүргізіп, тиісті шара қолданатынын айтты.
Қаз
Рус






