Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанованың таныстары елшіліктен көмек сұрады

1 568

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kz / Құрбысы Венера Ысқақова және марқұм Ақмарал МұқановаШарм-эль-Шейх әуежайында қаза болған Ақмарал Мұқанованың таныстары шетелде жалғыз қалған марқұмның ұлына елшіліктен  көмек керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мысыр елінде қаза болған Ақмарал Мұқанованың жақындары денені туған жері Ақтөбе өңіріне әкеледі деп күтіп отыр. Таныстары шетелде жалғыз қалған марқұмның ұлынан кешеден бері хабар алмаған.

Бала кезден бірге өскен құрбысы бүгін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.


“Алғашында қайғылы хабарды желіден көргенде ол деп ойламадым. Түстен кейін баласы "анамнан айырылым қалдым" деп жазды. Бірер күн бұрын өзі "демалыстамын, жақсымыз" деп хабарлама жіберген. Қазір баласы сол жақта жалғыз. Ол 22 жаста. Кеше хабарласып едім, бүгін байланыс жоқ. Елшілік көмектесеміз деп еді, бірақ айтпады. Әзірге тергеу жүріп жатыр. Оның денесін Ақтөбеге әкеледі. Туған жері осы жер. Үкімет, елшілік көмектессе екен дейміз. Себебі бала ол жақта жалғыз қалды әрі жас”, – деді құрбысы Венера Ысқақова.


“Елшілік жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Туыстарымен байланыста. Сақтандыру компаниясы барлық шығынды өз мойнына алады. Құжаттар дайындалады. Полициямен байланыс орнату, сақтандыру компаниясы, әуежайдың басшылығымен келіссөздер жүргізіледі”, –деп пікір білдірді сыртқы істер министрлігі.


 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.