Қызылорда түрмесінде жазасын өтеуші екі жас некелерін қидырды
329
Қызылордадағы №68 мекемесінде жазасын өтеп жүрген азамат қалыңдығымен некеге отырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы № 68 мемлекеттік мекемесінде жыл басыннан бері 7 азамат өз сүйіктілерімен заңды некеге тұрып, неке куәлігін алды.
Сондай жұптардың бірі, 1993 жылы туылған Қызылорда қаласының тумасы Ермек өзінен екі жас кіші Айгүл есімді сүйіктісімен заңды некеге тұрды.
Бұл жолғы некенің ерекшелігі сол, екеуі де ҚР ҚК- нің 191- бабымен іс қозғалып, осы мекемеде қамауда отыр.
Ермектің айтуы бойынша, екеуі бостандықта жүргенде танысқан.

Біздің таныстығымымыз бұдан бір жыл бұрын жаз айында басталған.
Мен сол күні жұмыстан шаршап келе жатып парк алаңындағы орындықтың бірінде демалып отырдым. Маған қарама-қарсы орындықта, талдырмаш қыз жайғасыпты. Жүзі жылы ару бірден ұнады. Жігіт болған соң алдымен өзім барып таныстым. Сөзіміз жарасып, бірден тіл табысып кеттік. Міне, сол уақыттан бері біргеміз. Ойланбай жасаған қадамымыздың кесірінен енді бүгінде қамауда отырмыз. Оңай олжа орға жықты. Өкінгенмен пайда жоқ. Оданда қарым - қатынасымызды заңдастыруды жөн көрдік. Заңды некеге тұрып, неке куәлігін алу махабатымызды беріктендіре түсті.

Ия, шынындада сотталғандардың некеге тұруы, олардың жаза мерзімін өтеу барысындағы көңіл-күйлеріне ерекше әсері бар. Неке күші олардың психикасына жақсы әсер етіп, көңіл- күйлерін көтеріп, мінез- құлқын өзгертеді. Жазасын өтеу кезінде тек, заңды некедегі әйеліне ғана ұзақ мерзімді кездесуге кіруге рұқсат берілген. Сол себептіде сотталғандар тарапынан өтініш келіп түскенде бірден құжаттарын дайындап, АХАЖ бөліміне жіберіп отырамыз. Бүгін екі жас бір- бірін жұбайы ретінде дәлелдеп, қолдарына неке куәлігін алды. Бұл кішкентай құжаттың олар үшін маңызы зор. Өйткені неке олардың одағын берік етіп, бостандыққа шығуға деген үмітін арттырады,- дейді мекеменің жас болса да, талай ісін тындырып жүрген жас маман заңгері Асқар Мұратбек .