«Бір сағат ілініп тұрды»: Электрик бағана үстінде тоққа түсіп, көз жұмды

1 595

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: СКС электроАлматыда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан электрик бағана үстінде тоққа түсіп, көз жұмды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі  Астана арнасына сілтеме жасап.


Қайғылы оқиға Медеу ауданының Горводопровод көшесінде болды.


Тұрғындар бұл маңда жарықтың жиі өшетінін айтады. Бұл жолы да электрикті тұрғындардың өзі шақырыпты. Олар «маманның көз жұмуына қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп» деп отыр. «Бұдан бөлек қолайсыз ауа райы да әсер еткен болуы керек» дейді.


«Біз үшін күтпеген жағдай болды. Маман көз жұмған соң, сол орнында бір сағаттан астам уақыт жабысып тұрды. Кеше күні бойы қалың қар жауды ғой. Мәселе сонда болуы мүмкін. Оның үстіне электриктің өзі де дайындықсыз келген сияқты. Үстінде арнайы киім болғанымен, саты, басқа да құрылғыларды көршілерден алды. Басшылық мұны қадағалауы тиіс деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Серікбол Қайрамбаев.


Бұл желілер Алматы қаласының коммуналдық меншігінде көрінеді. Оларға осы уақытқа дейін «EC Energy Qazaqstan» компаниясы қызмет көрсетіп келген. Аталған жекеменшік компания тұрғын үйді электрмен жабдықтауға рұқсатсыз қоспақ болған. «Тиісті жұмыстар өз бастамалары бойынша жүргізілді»,- дейді әкімдік өкілдері.


«Медеу ауданындағы Горводопровод көшесіндегі тұрғын үйдің жанында «EC Energy Qazaqstan» қызметкері тұрғын үйді электрмен жабдықтауға рұқсатсыз қосу кезінде электр тоғына ұшырады. Бұл жұмыстар басқарма және Алатау Жарық компаниясы жағынан келісілмеген және хабарланбаған», – деді қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының бөлім басшысы Мерей Оңғаров.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.