Кәсіпкерлерге қолдау көп
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жыл сайын өңірдегі кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекет тарапынан әр түрлі қолдаулар көрсетілуде. Соның нәтижесінде былтыр Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы әр түрлі сала бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Былтыр аталмыш палата кеңесшілерінің көмегімен 382 жоба қаржыландырылған. Сондай-ақ, «Іскерлік байланыстарды кеңейту» жобасы аясында Қызылорда қаласының 2 кәсіпкері Германия еліндегі бизнес-тағылымдамадан сәтті өтті. Биыл да кәсіпкерлікті дамыту бағытында тың жобалар қолға алынбақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық мәлімдеді.
Қаз
Рус






