Ұрлық жасаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды

1 547

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ашық дерек көзіАстанада қоймадан зат ұрлаған азамат қолға түсті. Оның қылмыстық әрекеті бейнекамераға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Ұрлық жасауды алдын ала жоспарлаған жігіт Дүкенұлы көшесінде орналасқан дүкенге келген. Қойманың қайда орналасқанын біліп алған ол сағат 14.56 шамасында қоймаға кіріп, ыдыс салынған қорапты алып кеткен. Кейіннен ол ұрланған ыдыстарды белгісіз азаматтарға сатып жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы елордалықты анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған азаматтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сонымен қатар оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.