Құс фабрикасы өртеніп, бір адам көз жұмды

2 396

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видео скриншотӨрт шамамен 450 шаршы метр аумаққа шарпыды

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылдық округінің Түймебай ауылында құс өнімдерін өндіретін кәсіпорында өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өрт 28 шілдеде болған. Кәсіпорынның асханасы өртенген.

"Өрт үлкен аумаққа тарап кеткен. Газ-түтіннен қорғау қызметі жүргізген барлау барысында ер адамның мәйіті табылды. Өрт шамамен 450 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Жақын орналасқан ғимараттарға от таралған жоқ", - дейді ведомство.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі бойынша тергеу жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД-нің, №55065 әскери бөлімінің, аудандық полиция басқармасының, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем бригадаларының 42 қызметкері мен 14 техникасы жұмылдырылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.