Енесімен жанжалдан кейін 3 айлық сәбиін өлтірген сарыағаштық келіншекке үкім шықты

411
Үш айлық сәбиін суға тұншықтырып өлтірген Сарыағаш ауданы Құркелес ауылының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға өткен жылдың желтоқсан айында болған. Енесімен ұрысып қалған Аружан Әбдібект емханаға барар жолда өзін және сәбиін өлтіруге бел байлаған. Содан Келес өзенінің суына қызымен бірге секіріп кеткен. Үш айлық сәбиі суға тұншығып, көз жұмды.

Өз қызын өлтіруге қатысты полицейлер Аружан Әбдібектің үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 3-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша іс қозғаған. Тергеу аяқталған соң іс сотқа жіберілді. 

Бұрын сотты болмағанына және істеген ісіне өкінетініне қарамастан, прокурор соттан ең қатаң жаза – 15 жыл тағайындауды сұраған. Түркістан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы айыптаушы тараппен келісіп, әйелді 15 жылға бас бостандығынан айырды. Аружан Әбдібек жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтемек.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.