Ресейге жұмыс іздеп барған қазақ жігіттері есірткіге ұрынып жатыр
Telegram арнасы арқылы қазақ балалары Ресейге жұмысқа шақырту алған. Сөйтіп, онда 30 бала кеткен. Арасында кәмелетке толмағандары да бар, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Ресейге жеткен соң, ата-аналар олардан хабарсыз қалған.
Ресейге жеткен соң, жұмыстың заңсыз екенін, алданып қалғандарын түсініп, есірткі тасудан бас тартқан балаларды «ата-анаңды тірі көрем десең, аяқ-қолыңнан айрылғың келмесе, тасисың» деп қорқытқан.
Халықаралық заңгер Мейірман Шекеев қазір 3 баланы ғана елге қайтара алғандарын айтады.