Назарбаевты жұрт алдында қорлағандар қылмыстық жазадан құтылмақ

115

Қазақстанда тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында енгізіледі. Бұл заң жобасына Парламент депутаттары бастамашы болған.


Әділет министрлігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр. Бұл екі бапта Тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру, сондай-ақ оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау, Тұңғыш президентке қол сұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.


Қазір заң жобасын Парламент мәжілісі қарап жатыр.


Айта кетейік, аталған екі бап бойныша 5 000 АЕК көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.