Құрттың ішінен психотроптық дәрі табылды

59

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлері сәлем-сауқат ішінен психотропты дәрі тапты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті №60 мекемесінің жедел бөлім қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, мекемеде жазасын өтеуші ҚР ҚК-нің 96 бабы, 1-бөлігі бйынша қатаң режимде жазасын өтеп жатқан Қ. есімді азаматқа қысқа мерзімге кездесуге келген танысының сәлем-сауқатын тексеру барысында шамамен 1 кг қолдан дайындалған құрттың ішіне жасырынған ақ түсті дәрі тәріздес күдік тудыратын белгісіз зат бар екені анықталды. Орын алған дерек бойынша Қызылорда ҚПБ-ның «102» телефонына хабарланып, жедел тергеу тобы шақыртылды. Оқиға орнына Қызылорда қалалық ПБ жедел тобының анықтау бөлімінің анықтаушылары келіп, тексеру барысында бір келідей ақ түсті дәрі тәріздес күдік тудыратын заттың бар екені анықталып, Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобымен тәркіленіп алынды.

"ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған болса, қазіргі таңда бұл құқықбұзушылық бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлігімен қылмыстық ісі бойынша бас бостандығынан айыру жазасына кесілетіндігі ескертілді," – деді мекеменің жедел бөлімінің жедел уәкілі, әділет капитаны Ө.Жағыпар.


Трамадол дәрісі психатроптық анальгетик болып саналады. Осыған дейін емін-еркін сатылған трамадол дәрісі енді есірткі қатарына енді. Бұдан бұлай трамадолды арнайы рұқсаты бар дәріханалар ғана сата алады. Алушыға міндетті түрде дәрігердің нұсқаулығы керек.

Адина Ұзақбай 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД