Екі ер адам зооқорғаушыға шабуыл жасаған
Алматы облысында екі ер адам зообелсендіге шабуыл жасаған. Мұны жануарлардың құқығын қорғаушы Салтанат Тәшімова мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаскелеңде белгісіз екі ер адам Гүлжан есімді зообелсендіні ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Олардың жанында тағы бір әйел болған көрінеді.
Сөзінше, қаскөйлер стаффорд тұқымды итті Гүлжанға қарсы қойып, шабуылдатпақ болған.
Қазір жәбірленуші ауруханада, ол рентгенге түсіп, барлық қажетті процедуралардан өтті.
Қарасай аудандық полициясы жағдайға түсініктеме беріп, екі ер адам ұсталғанын мәлімдеді.
Полиция департаментінің бастығы істі жеке бақылауына алғанын айтты.