ХҚКО-да көлігін заңдастырмақ болған азамат алаяққа жем болды

848

Шымкентте тұрғын шетелдік көлігін заңдастырамын деп алаяққа алданды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Медиа-портал дерегіне сүйенсек, Абай ауданының полицейлеріне алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, қала тұрғыны арызданған. Оны мамандандырылған ХҚКО-да танысқан азамат алдап кетіпті. 


Арызданушының айтуынша, ол халыққа қызмет көрсету орталығына өзінің шетелдік көлігін заңдастыру үшін барған. Дәл сол жерде оған белгісіз біреу келіп, әңгімеге тартып, көлік иесін өзіне осы қызметке тапсырыс беруге көндірген. Күдікті өз қызметі үшін ер адамнан 220 мың теңге алып, біраз уақыттан кейін қоңырауларға мүлдем жауап бермей, ізін суытқан.


Қазіргі уақытта алаяқтық жайты 190-бабы бойынша тіркелді. Күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. 


Анықтаушылармен күдіктінің кінәсі туралы айғақтар жиналды. Жақын арада жинақталған іс-құжаттар айыптау актісімен бірге сотқа жіберіледі. 


Осы орайда полицейлер бейтаныс адамдарға, делдал болуға ниеттенген азаматтарға сенбеуді ескертті.