Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Республика күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілерді қабылдап, мерекемен құттықтады және ата-аналарына алғысын жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Мерейлі күн – азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке» деп атап көрсетті. Бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем біледі, оның бейбітшілік, ынтымақтастық саясатымен санасады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Үкімет және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Алашқа ана болған Сыр өңірінде серпінді жұмыстар атқарылуда. Сыр өңірін, ауданды дамыту бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың жүзеге асуына мемлекеттік қызметшілер үлкен үлес қосуда. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметте өз міндеттерін абыроймен атқарып, Сырдария ауданының дамуына үлес қосып келеді. Өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерде бастамашылық жасап, халықтың билікке деген сенімін арттыруда жауапкершілік танытуда. Сондықтан аудан дамуына қызмет етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеп өсірген ата-аналарына шынайы алғысымды білдіремін, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан әкімі бірқатар мемлекеттік қызметшілерге ата-аналарына арналған облыс әкімінің «Алғыс хатын» табыс етті.
Мерекелік қабылдауда аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметшілердің жұмысы жауапкершілікті талап ететінін атап, мерекелік құттықтауларын жеткізді. Мемлекеттік қызметкерлердің жетістіктеріне қол жеткізуіне үлкен үлес қосқан, олардың тәрбие мен білім алу жолындағы еңбегін жоғары бағалау мақсатында өткізілді.