Некеге тұратын қазақстандықтар жаңа ережені орындауға міндетті болмақ

2 837

Астана мен Шымкентте «Неке қиюды тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға некеге дейін тегін кеңес беру және оқыту» пилоттық жобасы іске қосылды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Некеге тұратын қазақстандықтар жаңа ережені орындауға міндетті болмақ. Қазақстанда «Бақытты қазақстандық отбасы» интерактивті нұсқаулығы әзірленді. Нұсқаулық некеге тұрған ерлі-зайыптылардың оң отбасылық дәстүр мен рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауына бағытталған.


Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, бұдан былай некеге тұратын жұптардың отбасылық дәстүрлері мен рухани-адамгершілік құндылықтары туралы ақпараттар «Электронды үкімет» жүйесінде бейнеролик түрінде көрсетіледі. Некеге тұруға онлайн өтініш берген азаматтар осы нұсқаулықпен міндетті түрде танысып шығуы тиіс.


Тағы бір маңызды жайт, Мәдениет министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты орналастыру қорымен (ЮНФПА) бірлесіп, Астана мен Шымкентте «Неке қиюды тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға некеге дейін тегін кеңес беру және оқыту» пилоттық жобасын іске қосты.


Министрдің сөзінше, некеге тұрар алдында ерлі-зайыптыларға отбасын жоспарлау және отбасы психологиясы, репродуктивті денсаулық, отбасылық бюджетті жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Егер нәтиже сәтті болса, біз мұндай мүмкіндікті барлық өңірлерде енгізуді қарастырамыз, – деді Аида Балаева.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.