Антикор: 34 миллион теңге бюджетке түспеген

382
Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі төлқұжаттар мен куәліктер беру үшін мемлекеттік баж салығын төлеу саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде үлкен жетіспеушілікті анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы облысының екі ауданында 2019-2021 жылдар аралығында бюджетке 34,1 млн теңге сомасында мемлекеттік баж түспеген. Мемлекеттік баж салығын төлеуден жалтару фактілері салық қызметі органдарының тексеру актілерімен расталған», – делінген хабарламада.

Анықталған фактілер көші-қон қызметі қызметкерлерінің «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлерімен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алу кезінде өзге де тұлғалармен сыбайлас жемқорлық схемалары мен алаяқтық әрекеттердің бар екенін көрсетеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.