Әйелі мен енесін ұрып-соққан азамат ұсталды

1 510

Фото: KazinformАлматы облысында 31 жастағы ер азамат әйелі мен енесіне қол көтерген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Желідегі бейнероликтен ер адамның үй ауласында алдымен әйелді, кейін оның анасын белгісіз затпен ұрып жатқанын көруге болады. 

Алматы облысының полиция департаменті аталған дерек бойынша 31 жастағы азаматты ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған.

 Ер адам мен оның жұбайы арасында жанжал туындағаны анықталды. Оқиға барысында әйелге және оның анасына дене жарақаттары келтіріліп, сондай-ақ мүліктері қасақана бүлінген. Болған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады департаменттен.