Утилалымның басшысы ұсталды, орынбасары шәйнектің сымымен асылып өлді

577
"ӨКМ Операторы" ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев шәйнектің сымымен асылып өлген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Telegram-дағы Kozachkovv арнасының жазуынша, елорда полицейі қазіргі кезде тергеуді бастаған.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеуді бастады. Алдын-ала нұсқасы — суицид. Өз-өзіне қол жұмсаған,— деп жазды ол.

Руслан Шәмшиев бұл қызметке өткен жылы тағайындалған. Оған дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген.

Кейіннен Полиция департаменті ақпаратты растады. Михаил Козаачковтың жазуынша, Руслан Шәмшиев жұмыс орнында электр шәйнегінің сымымен асылып қалған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.