Газдандыру саласы бойынша 20 жобаны жүзеге асыру үшін 5,9 млрд теңге бөлінді
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жыл басынан бастап қарқынды жұмыс атқарып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атап айтар болсақ, газдандыру саласы бойынша биыл газбен жабдықтауға 20 жобаны жүзеге асыру үшін 5,9 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде РБ-тен 3,9 млрд.теңге, ОБ-тен 2,0 млрд теңге.
Бұл қаржыға 2023 жылдан өтпелі 14 жоба жалғастырылады және 6 жаңа жоба құрылысы басталады.
Ресми мәліметтерге сәйкес, ағымдаағы жылы 11 елді мекенге табиғи газ беру жоспарлануда. Ағымдағы жылдың наурыз айында Бестам елді мекеніне газ берілді. Қалған 10 елді мекенде қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде жыл соңында облыстың газбен қамту деңгейі 78 пайызға, газдандырылған елді мекендер санын 46-ға жеткізу жоспарлануда.
Ал, ауыз сумен қамту бойынша облыс бойынша 230 ауылдық елді мекеннің 204-і немесе халық санымен алғанда 98,4 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған 26 ауылда 7 мыңнан аса адам немесе ауыл халқының 1.6 пайызы қоныстанған.
Биылғы жылы ауыз сумен қамту және су бұру жобаларына республикалық және облыстық бюджеттен 12 жобаға 2,5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі таңда, жобалар тиісті құрылыс-монтаж жұмыстары мерзімінде атқарылып пайдалануға берілетін болады.
Электр энергетикасы саласы бойынша бүгінде өңірдегі электрмен қамту жүйелерінің жалпы ұзындығы 10490,82 шақырым электр желілер және әр-түрлі кернеуліктегі 2008 дана қосалқы станциялардан тұрады, олардың тозу деңгейі 66 %-ды құрайды.
Былтырғы жылы облыстағы бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін электрмен қамту нысандары анықталып, жаңғырту-жөндеу, ауыстыру жоспары жасалды. Оның бірінші кезеңіне облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржыға кернеулігі 10/0,4 кВ 35 қосалқы станция ауыстырылып, 27 дана кірпіштен жасалған ескі күштік трансформатор күрделі жөнделді. Оған қоса 32 шақырым желі ауыстырылды.
2024 жылға екінші кезекке облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға 16 дана 10/0,4 кВ-ты ТП, КТПН-ді 10/0,4кВ КТПБ-ға ауыстыру, 0,5 шақырым 35кВ Л–33,34 әуе желілерін жаңғырту, ұзындығы 128,4 шақырым 10/0,4 кВ әуе желілерін қайта жаңарту, 5,6 шақырым 0,4 кВ кабель желілерін қайта жаңарту және автотехника сатып алу, атап айтқанда 4 дана «Коммуналдық қызметтерге арналған металл платформасы бар автокөлік», «Жылжымалы электротехникалық зертхана автокөлігі», «Мамандандырылған кран-манипулятор автокөлігі» қарастырылды.
Жауапты сала мамандары 2024 жылға Шиелі кентіндегі «Шиелі» 220/110/35/10 кВ қосалкы станциясын қайта жаңғырту жобасы бойынша, мемлекеттік сараптама оң қорытындысы алынып, Ұлттық қордан 1,5 млрд. теңге қаржы бөлініп, жеңімпаз анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Одан соң жылу желілерін жаңғырту бойынша облыста 2023-2024 жылғы жылу беру маусымы 10 сәуірден бастап аяқталып, тұрақты өтті. Тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс жасады. Алдағы жылу маусымына дайындық пен оны өткізу жөніндегііс шара жоспары әзірленді. Барлық тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындардың дайындық жұмыстарының кестесі бекітіліп, жұмыстар жүргізілетін болады – дейді.
Облыс бойынша жылу желілерінің ұзындығы 216 шақырым, тозу көрсеткіші 44.6 пайызды құрайды.
Тозу деңгейін азайту мақсатында ағымдағы жылы 6 жоба бойынша 6,7 млрд. теңге бһлініп, 9,5 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылатын болады. Нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 2,8 пайызға төмендейді.
Сонымен қатар, жылу желелерін жаңғырту бойынша 8 жоба әзірленіп, экспертизаның қарауында. Облыстық бюджет нақтылауымен қосымша 16 жобаны әзірлеуге қаржы бөлініп, 6 жобаның жобалаушы мекеме анықталды, қалған 10 жоба бойынша конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылы облыс бойынша 19 абаттандыру жобасын жүзеге асыруға республикаляқ және облыстық бюджеттен 6,5 млрд. тенге бөлінді. Бұл қаржыға 56 көшеге 57 шақырым жаяу жүргіншілер жолының құрылысы, 26 көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу және 62,5 шақырым құрайтын 54 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда, Қызылорда облысында сараптама қорытындысымен апатты деп танылған 55 үй көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 51 үй, Сырдария ауданында 3 үй, Жалағаш ауданында 1 үй бар. Жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған барлығы 663 отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 638 отбасы, Сырдария ауданы бойынша 18 отбасы, Жалағаш ауданы бойынша 7 отбасы.
2024 жылы Қызылорда қаласының жалғыз тұрғын жайы апатты деп танылған 135 отбасына пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,6 млрд.теңге қаралды.
Бүгінгі таңда, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 36 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,111 млрд.теңге қаржы қаралды.
Негізінен мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын қолжетімді жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес жұмыстар жасалуда.
Азаматтарға тұрғын үйдің жалдау ақысын төлеу бойынша қаржы операторы болып «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы тағайындалды.
Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта, «Отбасы банк» АҚ мен 784 азамат келісім жасалып, ай сайын төлем жасалуда. Тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған азамматтар саны - 35782. Оның ішінде, Ұлы отан соғысының ардагерлері – 2, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 2251, «Алтын алқа», «Күміс алқа», алқаларымен наградталған немес бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай ақ 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар – 8407, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары – 13895, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар -10503, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар – 725.
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының биылғы 3 айда атқарған жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда оң нәтиже көрсетті. Жауапты мамандар алдағы уақытта жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Аружан ЕРАЛЫ