Қызылорда әкімдігі жалдамалы пәтерлер мен жезөкшелер ордасына тосқауыл қоя алмай отыр

1 974
Қызылорданың қақ ортасында айқай-шуы бітпейтін, жергілікті билік пен құзырлы органдардан шара көрілмейтін  «КРАСНЫЙ ФОНАРЬ» атағын иемденген көшелер де бар, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қорқыт ата мен Әйтеке би, Өсербаев сынды көше бойын қаптаған пәтер ұсынушылар саны азаймай тұр. Берілетін пәтерлер бүгінгі таңда арзан, қарапайым,  элиталық бөліп қарастырылатындығы тағы бар. Оқу ордасының маңын қаптаған сағаттық пәтерлерді қолданушылар, тұрғылықты тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.  


Тұрғындардың айтуынша, жалдамалы пәтерлердің көбісінде түрлі бұзақылықтар, кісі өлімі, жезөкшелер қызмет көрсетіп жатыр. Тіпті, сол   ауданда жезөкшелер үйлері жұмыс істейді екен. Ал, қаламыздың қақ ортасында ІІД қызметкерлерінің кеңсесі бола тұра шара көрілмей, бей-жай отырғандығына не себеп? Өңірлік биліктің заңсыз кәсіпкерлікті жоюда қауқарсыз болуына не себеп?


Естеріңізге сала кетсек, жалдамалы пәтердің жырын «Жын-ойнақ: Жалдамалы пәтерлер жан ауыртар мәселеге айналып отыр»  атты мақаламызда  жариялаған болатынбыз. Алайда, қала әкімдігінің құзіреттіне жатса да қол қусырып отырғандығы қалай? Халықтың жан айқайын естір күн туа ма?


 «Жалдамалы пәтерлерде тәртіп жоқ. Күрмеуі шешілмеген мәселені тұрғындар үшін қолайлы етіп берсе екен дейміз. Бірнеше жылдар бойы осы мәселені көтеріп келеміз. Әкімдік жиналыс жасаумен шектеледі. Баламыздың өміріне қорқамыз. Күндегісін күнде көретініміз мастардың төбелесесі, аяқ астында қолданылған мүшеқаптар, одан қалды пәтерден шыққан жалаңаш әйелдердердің көрінісі таусылар емес»- деді Гүлжан



Түнімен ұйқы көрмей, терезеге елеңзіп отыратын қарттардың бірі:
 
«Қартайған шағымызда көреріміз осы ма? Полиция қызметкерлерінен көмек акт толтыру. Бізге одан келер не шара? Қатаң талапқа сай тексеріс жүргізіп коммендаттық сағат қойып, жауып тастасын»,- деді әжей.


Осы жағдайға байланысты қала тұрғындары, оның ішінде жастар қауымының жалдамалы пәтерлерге көз қарасын білу мақсатта қойған сауалымызға қала жастары пікір білдірген болатын.
 
Ең қызығы жалдамалы пәтерлерді жастарымыздың көбісі дұрыс еместігін айтып, жастардың сана сезімін басқа бағытқа бұрмалаушылық деп түсінді. Ал, ендігі бір жастарымыз жалдамалы пәтерді «пайдалы дүние» деп түсіндіріп әлек.


Ең сорақысы жын-ойнақтар мекенінде тұратын мемлекеттік қызметкерлеріміздің бірі әлеуметтік желіге жариялаған жазбасын


Жергілікті әкімдікте лауазымы жоғары жандар әлеуметтік желіге аталмыш мәселені жазбауын сұраған екен. Ол дегеніміз мәселенің бар екендігін біле тұра күресуге ниеті болмағандығы ма, әлде әкімдіктен жоғары жандардың бұйрығы болды ма беймәлім... Әйтеуір, пәтер ұсынушылар ендігі кезекте көше жағалап, «пәтер керек пе?» деп сұраудан да қымсынбайды.


 Тұрғындардың айтуынша, махаббат мекеніне айналған жалдамалы пәтерлерге біле білсек, түрлі аруларын  жетекетеген  шенді шенеуніктердің де, қалталы көкелеріміздің күнара барып тұратындығы да анықталып жатыр. Ашуға булыққан тұрғындардың уәжін естір құлақ болса құба-құп. 


Шарасыз билікке наразы болған тұрғындар енді қолға алынып, тоқтау болмаса келген танымал   көкелердің суретін  жариялаудан тайынбайтындығын да алға тартты. 


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ