Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде сарбаздардың жоғалған қаруын күдікті үйінде сақтаған

482

Қызылордада 5 қаңтарда болған бүлік кезінде әскери қызметкерлерге тиесілі бірнеше қару-жарақ ұрланды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Полицейлер әскерилердің қаруын тәртіпсіздікке қатысы бар деп тергеуге алынған күдіктінің үйінен тапқан.

Тергеу кезінде күдіктінің үйін тінтіген. Сол сәтте ол жерден сарбаздарға тиесілі АК-74 және ГП-25 қарулары табылыпты.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылды,- дейді Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.