Балаларды қорғау күні аталып өтті
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Бала- бақыт, бала-өмірдің көктемі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Салтанатты шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысып, аудан тұрғындары мен бүлдіршіндерді айтулы күнмен құттықтап, балалардың жазғы демалысын қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында лагерлерге жолдама берді.
Президент бастамасымен «Ұлттық қор – балаларға» атты бағдарламаға сәйкес, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударыла бастады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік беріп, барлық ата-аналарға көрсетілген көмек деп есептеймін.
Аймақ басшысының қолдауымен балаларды қосымша білім беру ұйымдарымен қамту мақсатында былтырғы жылы аудан орталығынан Оқушылар үйі мен Өнер мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілгенін Өздеріңіз білесіздер.Биылдан бастап өңірдің барлық елді мекеніндегі мәдениет үйлерінен жастарды отаншылдық және мемлекетшілдікке, патриоттыққа тәрбиелейтін түрлі бағыттағы үйірмелері бар «Адал адам» орталықтары құрылды.Онымен қоса мәдениет, спорт, білім салалары бойынша ауданда балалардың қызығушылығына қарай 360 үйірме жұмыс жасайды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ауданымызда 300 орындық заманауи үлгідегі мектеп құрылысы басталуда.
Сонымен қатар, аймағымыздың мәдениеті мен руханиятының дамуына өз септігін тигізетін типтік үлгідегі «Руханият орталығы» ғимаратының құрылысы жүргізілуде.Бұл жұмыстардың барлығы балаларымыздың лайықты білім алуына, өмірлік маңызды дағдыларды үйренуіне жол ашады деп сенемін»,-деді Ардақ Ибраимов.
Сондай-ақ, орталық алаңда қыл қалам өнеріне бейім бүлдіршіндердің сурет көрмесі, қызықты ертегілер әлемі, жаңаша түрленген ұлттық нақыштағы ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар көрмесі және киіз үй ішінде қазақы болмысты дәріптеу мақсатындағы танымдық сағаттар ұйымдастырылды.